"Нөсер жаңбыр жауады". Алматы бойынша 3-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы
Сурет: Zakon.kz
Оңтүстік астанада ауа райы күрт бұзылады. Жылы демалыс күндерінен кейін қалада жаңбырлы, күз мезгіліне тән салқын ауа райы қалыптасады. Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін қуатты солтүстік циклонға байланысты жауын-шашын туындайды.
"3-4 қазанда қалада күзгі жылы ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде: +9...+14°С, күндіз: +22...+27°С. 5 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр жауады, түнде кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, екпінді жел соғады", – дейді орталық өкілі.
Маманның айтуынша, демалыс күндерінен кейін қаладағы ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз. +12...+14°С. Кейінгі күндері жауын-шашын тек қаланың таулы аудандарында ғана сақталады, алайда ауа райы салқын күйінде қала береді.
"Алдағы аптаның соңына қарай ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, түнде: +10...+12°С, күндіз: +18...+20°С", – дейді Дәулет Кісебаев.
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 3-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы:
- 3 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +22...+24°С.
- 4 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +25...+27°С.
- 5 қазан: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, түнде кей уақытта нөсер жаңбыр болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей уақыттарда 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +12...+14°С.
- 6 қазан: аспан бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей уақыттарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +13...+15°С.
- 7 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +14...+16°С.
- 8 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +16...+18°С.
- 9 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +18...+20°С.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 3-5 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript