"Қар аралас жаңбыр жауады". Сенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pixabay
Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Павлодарда 3 қазанда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 3 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада 3 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 3 қазанда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 3 қазанда күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 3 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болып, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 3 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, ал түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 3 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 3 қазанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 3 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 3 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 3 қазанда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан обылысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 3 қазанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 3 қазанда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 3 қазанда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 3 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда 3 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша 3-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.