Қазақстандық полицейлердің есірткі қолданған-қолданбағаны тексеріледі

Сурет: Zakon.kz
Желтоқсанның 11-і күні ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында қазақстандық полицейлер нашақорлыққа тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ержан Сәденов кешенді жоспар аясында құқық қорғау органдарына скринингтік тексеру енгізілгенін айтты.

"Соо арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында нашақор бар-жоғын анықтаймыз. Анықталған жағдайда ондай қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылады. Егер есірткі сақтағаны анықталса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деді ІІМ басшысы.

Министр нашақорларға полиция қызметкерлері арасында орын жоқ екенін айтты.

"Скрининг жүргізіп, анықтаймыз, полиция қызметкерлері арасында ондай адамдар болмауы керек", – деді Ержан Сәденов.

Сонымен бірге ол бұған дейін мектеп оқушыларын есірткіге тестілеу туралы шулы ұсыныс әлі қарастырылмағанын мәлімдеді.

"Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ", – деді ІІМ басшысы.

2023 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов мектеп оқушыларына есірткі скринингін енгізу жоспары бар екенін айтқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі