Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрі алматылық екі полицейдің 14 жастағы қызды зорлағанын растады. Келеңсіз жағдайдан кейін екеуі де қызметінен босатылған. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов тергеу әлі жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Осындай факт болды. Дереу қызметтік тексеріс жүргізіліп, комиссия отырысы болып, екеуі ішкі істер органдары қатарынан, қызметтен шығарылды. Қылмыстық істің шеңберінде қамауға алынды. Қазір тергеу-тексеру жүргізіліп жатыр". ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов

Қылмыс жасаған полиция капитандары Алатау аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етіпті. Ал оқиға 4 желтоқсанда болғанымен, іс араға тек төрт күн салып қозғалған.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 2009 жылғы кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 2-бөлігі "Зорлау" дерегі бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі