Елордалық полицейлер алаяқтық жасаған тұрғынды анықтады

Сурет: pixabay
Қала тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, колледжде оқу туралы анықтама жасатпақ болып, ақшасынан айырылғанын айтты.

Әйелдің айтуынша, мұндай анықтама оның жиеніне қажет болған және ол өзінің танысы арқылы осындай қызмет көрсете алатын адамды тапқан.

Анықтама үшін ер адам 320 мың теңге сұраған. Әйелден ақшаны алғаннан кейін күдікті азамат қоңырауларға жауап бермей, жоғалып кеткен.

Алданған әйел полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Ол қаланың 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілім жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео