Қарағандыда ақылы автотұрақ кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды қалалық полиция басқармасына 46 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші азаматша, жеке кәсіппен айналысып, автотұрақ ұстайтыны белгілі болды.

Оның айтуынша тұрақ күзетшісі белгілі бір себептермен жұмыс орынынан біршама уақытқа шығып кеткенде, белгісіз біреу осы сәтті пайдаланып, кассадан 200 мың теңге ақша ұрлап кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азамат ұсталды.

Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сәйкес іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін