Қазақстандағы жолдарда суыққа тоңып қалған 1 мыңнан астам адам құтқарылды, ішінде 25 бала бар

Сурет: polisia.kz
Қазақстанның 12 өңірінде халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автожол учаскелері (100-ден астам) жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Қазақстан бойынша 500 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Жолдарда суыққа тоңазыған 1 012 адам құтқарылды. Оның ішінде 25 бала бар. 1 100 жүргізушіге көмек көрсетілді.

"Барлық экипажда арнайы дәрі-дәрмек қобдишасы бар. Олардың барлығы алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген. Негізінен сақшылар жолда қалған азаматтардың суыққа тоңған көлік жанармайын жылытуға, бұзылған көлікті жөндеуге, жылыту пункттеріне эвакуациялауға көмектесті және тізбектелген автокөліктерді алып жүрді".Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, кейбір өңірлерде экстремалды жағдайлар байқалды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін трассаларда полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатыр.

Кейбір өңірлердегі жолдарда патрульдік экипаждар саны 2-3 есеге көбейтілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды