Өскеменде 14 жастағы жасөспірім төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Сурет: pixabay
Өскеменде төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен 14 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 12 желтоқсан күні кешкі уақытта қаладағы Назарбаев даңғылында болған. Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден жасөспірім құлап кеткен.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы жасөспірімді шұғыл түрде жедел жәрдем қызметкерлері Ана мен бала орталығына жеткізді. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылған.

"Баланың бас сүйегі жараланып, жіліншігі сынып кеткен. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек. Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек

Әзірше баланың қалай құлап кеткені белгісіз. Оқиғаға қатысты полиция департаменті ақпарат бермеген.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды