Алматыда екі ер адам лото автоматын бұзып, ақшасын алып кеткен

Сурет: Zakon.kz
Алматыда екі ер адам лото автоматын бұзып, ақшасын алып кеткен

Алматы облысының екі тұрғыны ойын автоматын бұзып ақша таппақ болған. Полицейлердің мәліметінше, бұрын сотталған 35 және 31 жастағы екі ер адам Медеу ауданындағы бутикке кіріп, аппаратты бұзып, сол жерден 140 мың теңге ұрлап кеткен. Кәсіпкер келтірілген материалдық шығынды 336 мың теңгеге бағалаған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар ұрлық жасағандарын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталғандардың жеке басы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Айта кетейік, екі жігіт те бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған болатын. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды". Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев

ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті