Мереке күндері "Медеу-Шымбұлақ" жолы ашық болады

Сурет: gov.kz
16 желтоқсаннан бастап тау шаңғысы курортының аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің өтініші бойынша "Медеу-Шымбұлақ" жолындағы өткізу режимінің кестесі өзгертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"16 желтоқсаннан бастап кіруге 09:00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін электромобильдер, таксилер және техникалық қызметтердің арнайы көліктерінің жүргізушілері үшін рұқсат етіледі. Бұл күні жаяу жүруге қатаң тыйым салынады, тек студенттік соқпақ арқылы қолжетімді", делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Жексенбі және мереке күндері жол жүру барлығына ашық, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілердің өміріне қауіп төнбейді.

Айта кетсек, "Мохнатка" және "Горельник" тауларының баурайында тастардың құлауы салдарынан болған зардаптарды жою бойынша жүргізілген кешенді жұмыстарға байланысты көлік қозғалысы шектелген болатын.

"Ағымдағы жылдың 25 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін бұрғылау қондырғыларын қолдана отырып, кедергілерді тазарту және беткейлерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жол бойында нөсер кәрізі салынады. Кешенді жұмыстар қыс бойы жалғасады және 2024 жылдың күзінде аяқталады", делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы