Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының түнде батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын, солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15- 20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында қатты қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 18 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.