Температура төмендеуі мүмкін: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Соңғы бірнеше күнде кейбір облыстардағы жылумен жабдықтау объектілерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелді. Энергетика министрлігі апаттарды жоюға байланысты жылу жүйесіндегі температура уақытша төмендеуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ЖЭО-дағы бұзушылықтарды жоюға қажетті барлық материалдар мен персонал толық көлемде қамтылған. Министрлік пәтерлердегі радиаторлар неліктен біраз уақытқа дейін суық болып тұратынын да түсіндіріп өтті.

"Егер жылу электр станцияларының қазандықтарында жұмыс істеуге рұқсат етілмейтін ақаулар болса, резервтік қазандықты жағу қажет болады, бұған біршама уақыт кетеді. Осы кезеңде жылу жүйесіндегі судың температурасы төмендеуі мүмкін".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, Жезқазған жылу электр орталығы мен Кентау жылу электр орталығында резервтік қазандықтар кеше іске қосылды. Ал Риддер ЖЭО-да температура бекітілген кестеден төмендеуі тіркелген жоқ. Жалпы республика бойынша электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбина жөнделген. Отын қоры жеткілікті.

"Көмір қоры 4,9 млн тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 67%-ға артық. 108 мың тонна мазут жиналды. Барлық ЖЭО-да отынның нормативтік қоры бар".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Энергетика министрлігі 2023 жылғы 1 маусымнан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуді жүргізді. Бұл шара электр станцияларын жөндеуге 146,5 млрд теңге көлемінде қаржы көлемін тартуға мүмкіндік берді. Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін ҚР Үкіметінің резервінен Риддер және Екібастұз қалаларының ЖЭО, Ақтау қаласының энергия көздері үшін күрделі жөндеу, реконструкциялау және қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінді. Атап айтқанда, Көкшетау қаласының қазандығын жөндеуге 21,5 млрд. теңге бөлінді, бұл барлық негізгі жабдықтарды күрделі жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Кентау қаласының ЖЭО жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге бөлінді. Сонымен қатар электр станцияларының иелері шамамен 16,5 млрд. теңгені тікелей салған.

Қазақстандағы жылыту маусымының барысы үкімет пен Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: