Синоптиктер 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер бейсенбі, 21 желтоқсанда елдің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 

Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. 

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: