Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: 7 адам зардап шекті, арасында бала да бар

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан 7 адам зардап шекті, арасында бала да бар, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үш адам қайтыс болды.

“Үш ересек адам жабық бассүйек-ми жарақатымен, бас миының шайқалуымен, бір науқастың сол жақ жамбас сүйегінің сынығымен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол жақ аяқ сүйектерінің сынып, №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды”, - делінген хабарламада.

Барлық зардап шеккен адамға психологиялық көмек пен қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткенін хабарлаған едік. 

Кейінірек полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін