Атыраулық полицейлер шетелдікті қамауда ұстап, ақша бопсалағандарды ұстады

Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік азаматты ұрып-соғып, 1 100 000 теңге бопсалап, банк есепшоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Күдіктілер 36 және 32 жастағы Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды