Астана тұрғыны шетелдіктерді "Қазақстан азаматтығын алып беремін" деп алдаған

Сурет: Zakon.kz
Астана тұрғыны шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын алып беремін деп жалған уәде берген. Полицияға алаяқтық іс-әрекеттердің құрбаны болғанын айтып Қытай Халық Республикасының екі азаматы жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есіл ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам жәбірленушілерге әлеуметтік желі арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға көмегін ұсынғаны белгілі болды. Ол ХҚКО-да жақын танысының істейтінін айтып, құжатты қысқа мерзімде алуға көмектесемін деп уәде берген. Осылайша, күдікті көрсеткен қызметі үшін жәбірленушілерден 70-140 мың теңге аралығында ақша алған. Кейін ер адам байланысқа шықпаған, құжатты уәде етілген мерзімде ұсынбаған.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды