Алматы Қазақстанның ең үздік спорттық өңірі атанды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы "Үздік спорттық өңір" атанды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік таратқан мәлімет бойынша, "Спорттағы үздік серпін" номинациясында Алматы қаласының жоғары шеберлік спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ризабек Айтмұхан марапатталды және "Жылдың үздік нәтижелері" номинациясында Алматының гимнасты Милад Карими жеңімпаз атанды.

"Сонымен қатар Алматы жыл бойы бокс, гимнастика, спорттық гимнастика, байдарка, таэквондо, грек-рим, еркін және әйелдер күресі және басқа да спорт түрлері бойынша өткен ҚР VI жазғы спартакиадасында 1-орынды иеленді", – делінген хабарламада.

Биыл Алматыда 2500-ден астам спорттық, оның ішінде 305 000-нан астам адам қамтылған 35 ірі халықаралық іс-шара өткізілді. Алматыда дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған 3703 спорт ғимараты бар.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды