Павлодар облысында ұшақтың құлауы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Сурет: pixabay
Павлодар облысында ұшақтың құлауы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғадан ұшқыш қатты зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға 2022 жылдың жазында Ертіс ауданын шыбын-шіркейден әуеден өңдеу жасаған кезде орын алған. SP-30  жеңіл әуе кемесі ұшқаннан кейін қозғалтқышының тартылу күші түсіп, ұшақ Ағашорын маңындағы жыртылған алқапқа қонған. Ұшқыш көптеген ауыр жарақаттар алып, облыстық ауруханаға жатқызылған.

Бұл туралы облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов айтты.

"Бұл оқиғаға қатысты елордалық авиациялық комиссия сараптама жүргізіп, қозғалтқыштың ақаулығының себептерін анықтау үшін әуе кемесінің өндірушісіне сұрау жіберілген еді. Сараптаманың қорытындысы жақында ғана келді, енді біз тергеуді жалғастыратын боламыз". Асқар Қапанов

Оның айтуынша, егер жазатайым оқиғаны тергеу сараптаманы қажет етпесе, онда бұйрық шыққан сәттен бастап тергеу 10 жұмыс күнін алады. Алайда кейбір оқиғалар бірнеше сараптаманы қажет етеді, соның салдарынан тергеу көп уақытқа созылып кетеді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола облысында жұмысшыны ауыр темір басып қалды