Таразда полицей синтетикалық есірткі сатқан

Сурет: Zakon.kz
Таразда синтетикалық есірткі саудалаған полицей ұсталды. Шені жоғары қызметкерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция кезінде қолға түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, үдікті қаладағы №2 полиция бөлімшесіне қарасты криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары болып шықты.

Майор шеніндегі тергеуші үш грамға жуық синтетикалық есірткіні 100 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды. Есірткімен күресудің орнына, оны саудаға салған сақшыға қатысты тергеу жүріп жатыр. 

"Есірткі затын өткізді деген күдікпен Тараз полиция басқармасы, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілін ұстады. Аталған дерек бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр". Тараз полиция департаментінің басшысының орынбасары Қанат Сматов
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі