Қазақ ертегілері серб тіліне аударылды

Сурет: pixabay
Қазақ халқының мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында Сербиядағы Қазақстан елшілігі серб тілінде қазақ ертегілерінің жинағын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарлығаш туралы аңыздар, жануарлар дауы, Қаңбақ шал туралы қиял-ғажайып әңгімелер және Алдар көсенің қулықтары, сондай-ақ, қазақ ертегілерінің әйгілі кейіпкерлерінің басқа да шытырман оқиғалары енді кішкентай серб оқырмандары мен олардың ата-аналарына қолжетімді. Кітаптың тұсаукесері Жаңа жыл қарсаңында Белград қаласының балалар кітапханасында өтті. Қазақстанның Сербиядағы tлшісі Мәди Атамқұлов балаларды кітаппен таныстыра отырып, елімізге қатысты қызықты фактілер туралы айтып, кішкентай оқырмандарға бағалы сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды 24 kz.

Кітапхана қызметкерлері Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша интерактивті викторина өткізді, сондай-ақ кітаптан бірнеше қазақ халық ертегілері оқылды.

Жақын арада қазақ ертегілері жинағының жүздеген даналары Сербияның кітапханалары мен мектептеріне ұсынылатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді