Петропавлда тұтас бір отбасыны өлтіріп кетті

Сурет: Zakon.kz
Петропавлда Рабочий елді мекеніндегі үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды. Қылмыскерлердің құрбандары ер адам, әйел және олардың 17 жастағы ұлы бекені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan Media-ның хабарлауынша, үш адамның өмірін не себепті қиғаны әзірге белгісіз, анықталғандай отбасының жерлеуге қызмет көрсететін дүкені болған.

Кейін полицейлер жан түршігерлік қылмысқа қатысты күдіктілерді ізін суытпай ұстағанын хабарлады.


"Полицейлер жедел түрде Петропавл қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған шаралар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша тіркелді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысындағы үш кісі өлімі туралы жазған болатынбыз. Бір әйел мен оның екі баласы қайтыс болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма