"Димаш секілді әнші боламын". Жезқазғанның кішкентай тұрғыны Президенттен сыйлық алды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысына хат жолдаған Жезқазғандағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Александр Лознухо Президенттен сыйлық алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз хатында 7 жасар бала ән айтып үйренетін микрофон мен дыбыс зорайтқыш құрылғы болса деген арманын айтқан. Бала тілегін Қасым-Жомарт Тоқаев жерде қалдырмады. Президент жолдаған сыйлық балаға табысталды. Ол жаңа құрылғымен достарына арнап ән шырқады. Жақында республикалық  байқауда үздік атанған Александр Димаш Құдайберген сияқты танымал әнші болғысы келеді, деп хабарлайды 24kz.

"Көп-көп рақмет! Маған сыйлық ұнады. Мен өскенде әнші боламын".Александр Лознухо, балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі

Айта кетсек, 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тілектер шыршасы" акциясы аясында бүлдіршіндерді құттықтап, Жаңа жыл мерекесіне сыйлықтар жолдады. "Биыл жоба аясында мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келіп түсті, соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды", делінген хабарламада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды