Қазақстанда кеше 465 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кеше, 30 желтоқсанда 180 рет шақыртуға шықты. 465 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың күштері қар құрсауында қалған автомобильдерден 400-ге жуық адамды құтқарып, жақын маңдағы кемпингтерге, жылыту пункттері мен елді мекендерге эвакуациялады.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бұқар Жырау ауданында 29 қарашада ауа райы қолайсыздығынан мал бағуға шығып, елді мекенге өз бетінше жете алмаған 3 адам табылды.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар Абай ауданында далада қар құрсауында автокөлікпен тұрып қалған төрт адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар жоғалған адамдарды таң атарда  тауып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында 29 желтоқсанда жылқы табынын атпен іздеп шыққан шопан іздестірілді. Іздеу тобы жоғалған адамды тауып, елді мекенге жеткізді.

"Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз".Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді