"Визамның уақыты бітті". Қазақстанға туған анасын іздеп келген бала елден кетті

Сурет: instagram.com/muratsaveliev
Қазақстанға туған анасын іздеп келген Эдди Жан елден кетті. Оны бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мұны Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Құрметті қазақстандықтар! Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын! Достар, менің визамның уақыты аяқталды, туған жерден кетуім керек, бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын". Эдди Жан

Ол сонымен бірге Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясына өзінің атымнан сот отырысына қатысуға, өзіне қатысты кез келген мәліметке қол жеткізуге, өзінің атыннан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бергенін хабарлады.

"Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер, мен үшін тым ауыр күндер болды. Нәтижесінде мен өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім, сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын, бірер күн Тайландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді. Әзірге көп мәліметті аша алмаймын, бірақ бұл оқиға мен күткеннен де қиын сияқты... Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары арқылы 2002 жылғы қаңтарда Арқалық қаласының перзентханасына ұлын тастап, қолхат жазып кеткен, архивтік ресми құжаттар негізінде менің туған анам болып саналатын әйел табылды. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. Алда көп жаңалық болады деп сенемін. Қазақстаным, рахмет саған, туған ел! Ең бастысы, мен бұл сапарымда туған жерімді таптым, туған еліммен қауыштым, әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім. Бәріңізді жақсы көремін. Амандықта жүздесейік!"Эдди Жан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады