Бағдат Мусин Қазақстан халқына үндеу жасады

Сурет: primeminister.kz
Бүгін, 2024 жылғы 1 қаңтарда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтап, үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр жақында кіші ұлдарының бірінен "Өмірде не нәрсеге қатты қуанасың?" деп сұрағаныг, ол қобалжып "Менің осындай отбасым болғаны үшін қатты қуанамын" деп жауап бергенін айтты.

"Бұл сөздерді естіген бәріміз қуанып, көз жасымызды жасыра алмай, құшақтастық. Ойлап қарасаңыз, өмірдегі ең қымбат нәрсе – отбасы. Ал қазақта отбасы сөзі екі мағынамен сипатталады - жанұя және отбасы. Бұл сөздер өздері-ақ сөйлеп тұрғандай, мысалы, "жанның ұясы", яғни үйде ғана, жақындарыңның ортасында ғана адам жан тыныштығын таба алады. Ал "отбасы" ше? Отауыңның бастауы, түп-тамырың деген сөз. Қазақтың әрбір сөзі мағыналы, терең философияға толы ғой ойлап қарасаң. Әрбіріміздің отбасымыз - ол біздің жеке шекарамыз, өзгеше вайб және атмосфера сыйлайтын ерекше мекен. Отбасында бізді әрбір артықшылығымызбен, кемшілігімізбен қабылдайтын адамдар бар, жан дүниемізді бүкпесіз ұғатын жақындарымыз бар.Отбасында жақсы атмосфера болса, онда адам да жарқырап, қуанып жүреді. Ал отбасынан мықты көңіл-күймен шыққан адам айналасындағыларға да жылулық шуағын бере алады". Бағдат Мусин

Бұдан кейін министр Қазақстан халқына үндеу жасады.

"Жанымыздың ұясы" тыныш, "отауымыздың бастауы" берекелі болсын. Жанұямыз аман, отбасымыз үнемі қуанта берсін. Жаңа жылда әркім өз отбасына көбірек уақыт бөліп, жанұяға қамқорлық көрсетіп, отбасындағы әрбір жанның тыныштығын сезінуін тілеймін. Кіші ұлым айтқандай, мені де бұл өмірде қуантатын ең маңызды нәрсе - отбасымның жанымда және аман-есен болуы!Бағдат Мусин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті