Шымкентте тауар сөресінен iPhone ұрлағандар санаулы минутта ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Оқиға кешкі уақытта қаладағы электроника дүкендерінің бірінде болған.

Жалған сатып алушылар айналасында адам болмаған сәтті пайдаланып, сатушының тауар сөресінде қалған телефонын ұрлап кеткен.

Смартфонын жоғалтқан дүкен қызметкері оқиға туралы дереу Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына хабарлаған.

Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктілерді санаулы минуттарда анықтап, ұстады.

Қазіргі таңда полицейлер бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен тергеу жүргізіп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін