ШҚО-да 12 ауылдық округ әкімі айыппұл арқалады
Фото: freepik
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО прокуратурасының 2026 жылғы 12 қазанда хабарлауынша, "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Глубокое ауданы прокуратурасы спутниктік суреттерді талдап, аумақты көзбен шолу арқылы тексерген. Нәтижесінде рұқсат етілмеген 15 қоқыс орны анықталған.
"Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 177 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар прокуратураның қадағалау шаралары нәтижесінде бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
Қадағалау органы тұрғындарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеуге шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript