БҚО-да бықсыған қоқыс үшін ауылдық округ әкіміне 432 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Қоқыс, БҚО, Орал, Круглоозерный, әкім, айыппұл , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 17:54 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Орал қаласы маңындағы Круглоозерный ауылдық округінің әкімі рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін жою шараларын қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 432 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі өңірде 132 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылғанын хабарлады.

Жыл басынан бері "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ жүргізген ғарыштық мониторингтің және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде облыс аумағында анықталған рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің 132-сі жойылды.

"Заңсыз қоқыс үйіндісін жою бойынша тиісті шаралар қабылдамағаны үшін прокурорлық қадағалау актісі негізінде Орал қаласының Круглоозерное кентінің әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 344-бабының 3-бөлігімен) оған 432 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып өндірілді", делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін осы Круглоозерный ауылдық округінде кешқұрым уақытта көлігімен әйел адамды қағып, мерт еткен белгісіз жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: