Маңғыстауда бұзақылық жасаған баласы үшін анасы 374 мың теңге айыппұл арқалады
Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысында бөтеннің көлігінің әйнегіне тас лақтырып, сындырған баласы үшін анасына 374 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жауапкер Т-ның 7 жасар ұлы есік алдында тұрған автокөліктің алдыңғы терезесіне тас лақтырып, сындырғаны, жауапкерден шығынды төлеуді талап еткенінде оның төлемегені анықталды. Бұзақының бұл әрекеті үйдің қасындағы дүкеннің бейнекамерасына жазылып қалған.
"2023 жылдың 2 қарашасындағы №S451 бағалау туралы есепке сай, автокөлікке келтірілген материалдық шығынның құны 340 798 теңгені құрады. Сот шешімімен жауапкер Т-дан талап қоюшы С-ның пайдасына 374 298 теңге материалдық шығын өндірілді", делінген сот хабарламасында.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, 26 маусымда апелляциялық сот сатысында Бишімбаев мен Байжановқа қатысты алдында шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript