Жаңаөзен әкімінің орынбасары заңсыз қоқыс үйінділері үшін айыппұл арқалады
Сурет: Zakon.kz
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиевке қоқыс үйінділерін уақтылы тазаламағаны үшін 306 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі бұған дейін шенеуніктің заңсыз үйінділерді тазалауға шақырғанын, бірақ 38 үйіндінің төртеуін ғана тазалап үлгергенін айтқан, деп жазады tumba.kz.
Айта кетерлігі, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес қаланы және оған жақын орналасқан елді мекендерді абаттандыруға жауапты. Осылайша, әкімдіктің іс-әрекетінде экологиялық талаптарды бұзу фактілері анықталды. Аталған лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 306 300 теңге айыппұл салынды», - деп хабарлады ведомстводан.
2021 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жүргізген ғарыштық мониторинг Маңғыстау облысындағы 103 нүктеде заңсыз қоқыс үйінділерін анықтағаны хабарланды. Оның 38-і Жаңаөзен қаласының аумағында орналасқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript