Пойыз тамбурының әйнегін сындырған мас жолаушы 300 мың теңге айыппұл арқалады

Пойыз тамбурының әйнегін сындырған мас жолаушы 300 мың теңге айыппұл арқалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 19:11 Сурет: polisia.kz
Мас жолаушы пойыз тамбурының әйнегін сындырып, 300 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Орал – Астана бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде 48 жастағы Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Тексеру барысында азаматтың алкогольдік ішімдік ішіп, тамбур есігінің әйнегін сындырғаны анықталды. Бұдан бөлек, ол билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан.

Тәртіп бұзушы Ақтөбе облысындағы Әйтеке би станциясында пойыздан түсіріліп, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оған алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органының өкіліне бағынбау баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 85 айлық есептік көрсеткіш (334 220 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

2024 жылы көліктегі полиция қызметкерлері әкімшілік құқықбұзушылықтары үшін 698 жолаушыны пойыздардан түсірген. Оның 672-сі қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін, 17-сі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: