Шығыс Қазақстан облысында көлік жүргізушісі 700 мың теңге айыппұл жинаған
Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында 700 мың теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс орталығында жылдам жүру әуесқойын интеллектуалды бейне жүйе арқылы анықтады. Өскеменде жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 700 мың теңгеге жуық заң бұзушылықтарды төлеуге асықпаған жеңіл автокөліктің жүргізушісі анықталды.
"Рейд барысында Сергек-қорғау АБК көмегімен полиция қызметкерлері Lada Priora автокөлігін тоқтатқан, оның иесі жол-қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Көлік иесінің атында қозғалыстың белгіленген жылдамдығын бұзғаны үшін жалпы сомасы 700 мың теңге төленбеген 12 айыппұл бар. Құқық бұзушының көлік құралы берешегі толық өтелгенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды". Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Әнуарбеков
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript