Жаңалықтар тізбегі
0

Бишімбаев мен Байжановқа қатысты алдында шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Бишімбаев мен Байжановқа қатысты алдында шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2024 18:07 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева, Telegram/Jogargy_sot
2024 жылы 26 маусымда Бишімбаев мен Байжановқа қатысты алдында шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Сот алқасы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаевқа, Бақытжан Байжановқа қатысты шығарған сот қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Сотталғандардың, адвокаттар мен қорғаушылардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмайды", - деп оқыды үкімді судья.

Айта кетсек, бұған дейін адвокат Ерлан Ғазымжанов қорғаушы тарапының ұстанымын жариялаған. Оның пікірінше, бірінші сатыдағы сот бұзушылықтарға жол берген.

2024 жылғы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

27 мамырда елордалық қалалық сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың істері бойынша бірінші сатыдағы сот үкіміне апелляциялық шағымдар келіп түсті

2024 жылғы 26 маусымда Астанада өткен апелляциялық сот отырысы барысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев пен оның немере ағасы Бақытжан Байжановқа қатысты алдында шыққан үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: