Жаркенттегі төбелес пен атыс: полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 18:15 Фото: Zakon.kz
Жетісу облысының Жаркент қаласында полиция адам өлтіруге оқталу дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 12 қазанда әлеуметтік желілерде ер адамдардың төбелесі түсірілген видео жарияланды. Кадрларда олардың бірінің жерге құлағанына қарамастан, екіншісінің оны төбелеп жатқанын көруге болады.

"Жетісу облысының Панфилов ауданында жанжал болып, оған қатысушылардың бірі мемлекеттік органдарға қатысы бар адамға тиесілі деген атыс қаруын қолданған. Зардап шеккен адамның ауруханада жатқаны хабарланды", – делінген жазбада.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Жаркент қаласында болған оқиғаға қатысты бұзақылық және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс ер адамдар арасында жанжал туындап, оның барысында қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданған. Соның салдарынан оқ жарақатын алған 33 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Тергеу барысында атыс қаруы тәркіленді. Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Департаменттің хабарлауынша, қолданылған қару мемлекеттік органдарға қатысы бар адамға тиесілі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"Полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Мұндай әрекет үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Тергеу Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп түйіндеді ведомство.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: