Түркістанда кісі өлтіруге оқталды деген күдікті ұсталды

Ұсталды, күдікті, кісі өлтіруге оқталу, Түркістан, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 18:30 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам бұл әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.


"Күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тергеу мүддесіне орай өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: