Жан түршігерлік кадрлар: Астанада көпқабатты үйдегі лифтті әйел қиратып кеткен

Сурет: Zakon.kz
Астанада "Аурика" тұрғын үй кешеніндегі лифтте әйел погром ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 1 қаңтарда тұрғын үй кешеніндегі жаңа лифтке әйелдің зақым келтіргені туралы видео пайда болған еді. Астана тұрғынына лифт неліктен ұнамағаны белгісіз. Үй тұрғындары полицияға хабарласқан.

Әкімдіктің хабарлауынша, оқиға Жирентаева көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Белгісіз әйел лифтке кіріп, оны теуіп, кабинаны жұдырықпен ұрып, тырнап, қабырғаларға түкіре бастаған.

Полицейлер әйелдің кім екенін анықтады.

"Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орындарды ластағаны үшін ӘҚБтК-нің 434 баптың 1-бөлігі, 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды

Бұған дейін Zakon.kz редакциясы лифттердің қауіпсіздігіне кім жауапты екенін және тұрғындар неге өз қалтасынан төлеуі керектігін айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін