Қазақстан мен Өзбекстан өзара ынтымақтастықты кеңейту туралы хаттамаға қол қойды

Сурет: Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратовпен Ташкентте кездесіп, келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы желтоқсандағы Өзбекстан Республикасына сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған Жол карталары шеңберіндегі, оның ішінде екі ел арасындағы тауар айналымын 10 млрд. долларға дейін арттыру жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру кезеңдерін талқылады.

Келіссөздер барысында Самарқанда Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының IV Форумын өткізуге ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастықты кеңейту туралы хаттамаға қол қойылды.

Ташкентке сапары барысында Арман Шакқалиев«Технопарк» ЖШҚ өндірістік алаңдарын аралады. Мұнда ұсынылған өнеркәсіптік кәсіпорындар ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу үшін жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған.

Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы аясында 2023 жылғы мамырда Министрлік Ташкентте қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің сауда миссиясын ұйымдастырды. Сауда миссиясының қорытындысы бойынша Өзбекстанға 44,1 млн. доллардан астам сомаға құрылыс материалдарын, кондитерлік өнімдерді, IT қызметтерді, сүт өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.

2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында "Орталық Азия – ХӨКО" индустриялық аймағы құрылды, бұл Өзбекстан нарығына отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Орталықты құру және оған инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы - 4,1 млрд. доллар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті