Стамбұлда тұмау өршіді

Сурет: pixabay
Түркияда тұмау және ауа арқылы тарайтын вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт артты. Әсіресе, Стамбұл қаласында ауруханаға түскен науқас көбейген.

Елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа тыныс жолдары ауруларының арта түскенін, сондықтан оған жеңіл-желпі қарамай дер кезінде ем қабылдау қажеттігін ескертті.

Стамбұлдық дәрігерлер тұмау, Ковид сияқты жұқпалы вируспен ауырғандар өткен аймен салыстырғанда 50 пайызға көбейгенін айтты, деп жазады 

Салдарынан кей ауруханда науқастарды жатқызатын жер болмай қалған. Мамандар жұқпалы аурулардың бұлай күрт дендеуін адамдардың пандемия біткеннен кейінгі кезеңде маска тақпауымен байланыстырады.

"Жұқпалы вирустық аурулар Стамбұл сияқты үлкен қалаларда жылдың барлық мезгілінде де болады. Алайда биыл қыста науқастар күрт көбейді. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі. Сондықтан 65 жастан асқан азаматтар вакцина алғандары абзал." Нуреттин Игит, Стамбұл қалалық ауруханасының бас дәрігері
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін