Павлодарда 21 жастағы қыз төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

Сурет: polisia.kz
8 қаңтарда жоғалған 21 жастағы Мәдина Қазбекпайдың анасы полицияға жүгінген. Бойжеткен үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың белгілері: арық денелі, бойы 150 см, көздері қоңыр, шашы қара, мұрнының үстінде мең бар.

"Қазіргі уақытта аулаларды аралап, куәгерлер, туыстары, достары мен көршілерінен сұрастырып жатыр. Облыс полициясының барлық жеке құрамы іздестіруге жұмылдырылды", - деп хабарлады департамент. 

Полицейлер Мәдина Қазбекпайдың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді 8 (7182) 37-76-10, 37-76-12 немесе 102 нөмірлеріне хабар беруді сұрады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды