Ішкі істер министрлігі автобустарға "дабыл түймесін" орнатуды ұсынып отыр

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылары үшін қауіпсіздік шаралары талқыланды. Онда үшінші адамдардың заңсыз әрекеттерінен жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру бойынша өңірлік шаралар әзірленді.

Алматы Полиция департаментінің өкілдері 11-15 қаңтар аралығында республика аумағында жергілікті атқарушы органдармен, көлік министрлігі көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және жұртшылық өкілдерімен бірлесе отырып, "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқанын айтты.

Басты мақсат – қоғамдық көліктегі кез келген құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Полицияда қоғамдық көлік салонын "102" арнасына шығатын дабыл түймелерімен және көлік ұйымының диспетчерлік қызметімен жабдықтау, ревизия жүргізу және автобустарды бейне және дыбыс жазу функциялары бар бақылау камераларымен жаңарту мәселелерін қарастыруды, көлік ұйымының диспетчерлік қызметі, көлік жүргізушілеріне төтенше жағдайлар және қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда көлікті толығымен тоқтату шараларын қабылдауды және "102" арнасы арқылы дереу полицияға хабарлауды ұсынады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды