Доллар түскі саудада өзгеріссіз қалды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 451,37 теңге (+0,04) теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 62,84 теңгені (-0,15) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 494,75 теңге, рубльді 5,12 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 451,3-453,3 теңгеге, еуро 495,5-498,5 теңгеге, ресей рублі 5,01-5,15 теңгеге сатылуда.

Ал 15 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,17%-ға арзандап, барреліне 78,16 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,18%-ға төмендеп, барреліне 72,66 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды