Маңғыстау облысында мыңға жуық аққу қырылып қалды

Маңғыстау облысында қырылған аққулардың саны мыңға жақындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz 14 қаңтардағы мәлімет бойынша Маңғыстау облысында 988 өлі аққу табылғанын жазды. Оның ішінде Қарақия өңіріндегі теңіз жағасынан 20 құстың өлексесі табылды. Бұл туралы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов мәлімдеді.

Қарақия ауданының әкімдігі бұл ақпаратты растады. Аудан әкімінің орынбасары Асан Чукин тұрғындардың теңіз жағасына шығуына уақытша шектеу енгізілгенін айтты.

"Табылған қырылған аққудың барлық өлексесі жойылды. Арнайы комиссия құрылып, бекітілген іс-шаралар жоспарына сай жұмыс істейді. Қазір құстарды іздеу мақсатында жағалаудағы аумақтар тексеріліп жатыр. Адамдарға теңіз жағасына шығуға уақытша шектеулер енгізілді. Полиция қызметкерлері жағалаудағы аумақтарды патрульдеп, үй жануарлары ауруының алдын алу мақсатында тұрғындарға теңіз жағалауына уақытша бармау керек екенін ескертті", - деді Асан Чукин.

Оның айтуынша, Қарақия ауданында 2672 бас құс тіркелген. Құстарды вакциналау 2023 жылдың қыркүйегінде басталды. Бүгінде 80%-ына вакцина егілген. Алаңдаудың қажеті жоқ, бірақ қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.

2023 жылдың 27 желтоқсанында Маңғыстаудағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 аққудың өлексесі табылған. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы хабарлады. Кейін Ақтау маңында 600 аққу қырылғаны белгілі болды.

Қазақстан Ақтау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: