Өзбекстан халықаралық әуежайы қалың тұман салдарынан ұшақтарды қабылдамай жатыр

Сурет: pixabay
Өзбекстанда қалың тұман салдарынан бүгін таңертеңнен бері Ташкент халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатыр. Әуе кемелері өзге қалаларға ұшып кетуге мәжбүр.

Бұл туралы Uzbekistan Airports компаниясы хабарлады.

"Мәскеу-Ташкент", "Владивосток-Ташкент" және "Джидда-Ташкент" бағытындағы рейстер Самарқандағы қосымша аэродромға жіберілген.

"Ташкент-Санкт-Петербор" бағытындағы әуе кемесі Ферғанадағы аэродромға қонды.

Ал Узгидромет тұрғындарға шұғыл хабарлама таратты.

Шатқал таулы аймағындағы Ахангаран, Бостандық аудандарында және Наманған облысында қар көшкіні жүруі ықтимал. Тұрғындарға аса сақ болу қажеттігі ескертілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Әсіресе, саяхатшылар мен шетелдік демалушыларды тауға шығудан мейлінше аулақ болуға шақырды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін