Тараз тұрғыны сарайының жертөлесінде қарасора өсірген

Сурет: видео скрині
Жамбыл облысында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталды. Тараз қаласының 38 жастағы тұрғыны сарайының жертөлесінде қарасора өсіруге арналған фитозертхана ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында тоғыз түп қарасора, екі өскін, бір көкнәр бұтасын тауып тәркіледі. Ол есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған бөлмені желдету жүйесімен, жылыту құрылғысымен, шамдармен арнайы жабдықтаған.

Күдіктінің айтуынша, өзі жеке тұтыну үшін есірткі шөбін үйде өсірген. Ол қарасораның тұқымдарын интернет желісі арқылы тапсырыс беріп алдырған.


Тағы бір заттай айғақ ретінде ер адамның қарасораны өсіру бойынша өз қолымен жазған нұсқаулығы бар бір парақ қағаз табылды.

"Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оған қатысты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз дайындау, сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ сот-химиялық сараптамасы тағайындалды".Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды