Қостанай облысында есірткі пайдаланған такси жүргізушісі жолаушыларды тасыған

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында бес жолаушының өміріне есірткіге масаю күйінде минивэн жүргізушісі қауіп төндірді. Құқық бұзушы жолаушыларды тасымалдаумен айналысып, марихуананы пайдаланып, кезекті рейсін жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды облыстық патрульдік полиция батальонының 4-взводының қызметкерлері анықтады.

22 қаңтарда "Автобус" және "Тасымалдаушы" жедел-алдын алу іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері Жақсы – Есіл-Бұзылық автожолында Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғыны мінген Toyota Alphard маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеріс барысында полицейлер жүргізуші танымал мобильді қосымшаны пайдалана отырып, елордадан Қостанайға жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқанын анықтады. Сонымен қатар жолға шығар алдында және жолда ер адам "марихуана" есірткі затын қолданды, осылайша тоқтатқан кезде салонда болған бес жолаушының өміріне қауіп төндірген.


Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік хаттамалар жасады.

Такси жүргізушісі 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар заңсыз тасымалдағаны үшін оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты