Ақмола облысында ер адамның жоғалып кеткеніне бір айға жуықтаған

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адамды іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың 16 қаңтарында Целиноград ауданының полиция бөліміне Семей қаласының 45 жастағы тұрғынынан 2023 жылдың 26 желтоқсанында үйден шығып, оралмаған 53 жастағы ағасын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түсті.

Ер адам екінші топтағы мүгедек, әрекетке қабілетсіз. Мүмкін бағдарсыз. Қазіргі уақытта ол Қоянды ауылында інісімен бірге тұрады деп түсіндірді.

Бұрын хабар-ошарсыз кеткен адам бірнеше күн, айлар бойы үйден бірнеше рет кетіп қалғаны анықталды, бірақ біраз уақыттан кейін ол әрқашан оралып отырған. 

Жоғалған адамның белгілері: бойы 165 см, арық дене. Ол сұр бушлат, қара тоқылған қалпақ, қара етік және шалбар киген.

Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды құқық қорғау органдарына "102" нөмірі бойынша немесе +7 702 699 0899 нөміріне хабарлай алады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды