Таразда көктайғақтан бір күнде 250-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген

Сурет: Zakon.kz
Тараз қаласында көктайғақ салдарынан бір тәулікте 250-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 100 адамға артық.

Қалалық аурухананың жарақат бөліміне барғандардың дені- көпқабатты үйлердің тұрғындары.

Тайып жарақат алғандардың арасында, балалар да бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Облыс орталығында кейінгі кездері ауа-райы күрт құбылып тұр. Күндіз шамалы еріген қар, кешкісін қайтадан қатады.

Сондықтан, жаяу жүргіншілер арасында жазатайым жағдай жиілеген.

"246 адам түсті, оның ішінде 7 адам травмотология бөліміне жатқызылды. Түскен азаматтардың жастары 30-дан 70 жасқа дейін. Оның ішінде аяқ, қол, қабырғалардың сынуы бойынша қаралып кеткен." Дилшод Салиев, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы жарақат бөлімінің дәрігері


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді