Атырауда екі қыздан 300-ге жуық есірткі дозасы тәркіленді

Сурет: видео скрині
Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткіні жасыру әдісі арқылы сатумен айналысқан 25 пен 22 жастағы екі күдіктіні - Астананың және Павлодар облысының тұрғындарын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде бір дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, бір дана орама заттың ішінде құны 5 млн теңге болатын а-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды.

Тексеру жұмыстары кезінде күдікті қыздардың Атырау қаласына 2023 жылдың қараша айында синтетикалық есірткі сататын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу мақсатында келгені белгілі болды.


Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев