Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
Сурет: Zakon.kz
Ертең Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 24 маусымда AlmatyJoly Telegram арнасы хабарлады:
"Атап айтқанда, 25 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейінгі аралықта Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толықтай жабылады. Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты тұрғындардан жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз".
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
