Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pxhere
Синоптиктер 29 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында көктайғақ.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұрман түседі. 

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман.

Алматыда күндіз көктайғақ болады. Кей уақытта тұман. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) мол түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде тәулік бойы екпіні 23-28 м/с болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды